
Түркістан облысында күріш алқаптарын рұқсатсыз ұлғайтып, су тапшылығына себеп болғаны үшін «Қазсушардың» Шардара және Мақтаарал өндірістік учаскелерінің басшылары қызметінен уақытша босатылды. Бұған дейін екеуіне де қатаң сөгіс берілген еді.
Министрлік дерегінше, жоспарланған 4 мың гектардың орнына 13 258 гектар күрішке су беру туралы 1 047 келісім жасалған. Қызылқұм каналы арқылы 28 мың гектардан астам жер суарылып жатыр, 24 заңсыз су сорғыш анықталған. Министр Нұржан Нұржігітов заңсыз су алу мәселесі әлі де өзекті екенін айтты.
Сапар аясында министр Шардара топтық су құбырының құрылысын да қарап шықты. Ұзындығы 39 км нысан 2026 жылы аяқталады деп күтілуде. Су құбыры Шардара мен 22 ауылды тәулігіне 12 мың текше метр жер асты суымен қамтамасыз етеді.
📸ҚР Су ресурстары және ирригация vинистрлігі
