Размер текста
Жамбыл облысында фермерлерді қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды облыс прокуратурасы.
Сарысу ауданының прокуратурасы 8 шаруа қожалығына су тартуға берілген субсидия есебінен қазылған құдықтардың тереңдігі жобалық-сметалық құжатқа сәйкес келмейтінін анықтады. Келтірілген залал көлемі – 38,1 млн теңге.
30 сәуірде аса ірі көлемде алаяқтық фактісі бойынша (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеуді Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
