Подать объявление
Почитать

Аграрийлер үшін арзандатылған дизель отыны кестеге сәйкес толық көлемде бөлінеді. Егістік жұмыстары аяқталғанға дейін оның бағасы өзгеріссіз қалады.

АгроТелега · 4 апреля 2023 · просмотров в Telegram: 649
Размер текста
Аграрийлер үшін арзандатылған дизель отыны кестеге сәйкес толық көлемде бөлінеді. Егістік жұмыстары аяқталғанға дейін оның бағасы өзгеріссіз қалады.

Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ел өңірлеріне 413 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың тоннаға артық. Көктемгі дала жұмыстарына бекітілген көлем басымдық тәртібімен жөнелтіледі.

«Көктемгі егіс жұмыстары аяқталғанға дейін фермерлер үшін дизель отынының бағасы өзгермейтінін мәлімдеймін. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, республика бойынша орташа құны литріне 204 теңгені құрайды. Бұл ішкі нарықтағы қазіргі бағадан 15-20%-ға төмен», - деп атап өтті ол.