
"Ауылдық жерлерді дамыту керек. Мен Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырдым. Бұл – менің жаңа президенттік өкілеттігім басталғаннан кейінгі алғашқы Жарлығым. Келесі жыл ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға арналады. Тұжырымдаманы әзірлеуге мамандарды, шаруаларды және жергілікті қоғам белсенділерін тарту қажет.
Ауылды өркендетудің мүлдем тың тәсілдері керек. Әрине, ол нақты іске асырылуға тиіс. Жер – ауылдағы тұрғындардың негізгі табыс көзі. Өкінішке қарай, елді мекендердің төңірегінде жайылым жетіспейді. Шамамен 8,8 миллион гектар жер тапшы.
Менің тапсырмаммен 5,2 миллион гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл – негізінен, жайылымдық жерлер. Енді Үкімет облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жерді бөліп-тарату үшін мониторинг картасын әзірлеуге тиіс. Сол арқылы жайылымдық жерге мұқтаж ауыл халқының жағдайын жасаймыз", - Токаев
